АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Жынды болсаң осы»: Айқынның жариялаған видеосы желіні жарды[:]

[:kz]

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген әлеуметтік желіде әзіл ретінде түсірілген видеосымен бөлісіп, қалың көпшілікті күлкіге қарық қылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген әншілік пен блогерлікпен қатар енді «Тик-Ток» желісін жаулауға кіріскен. Өнер иесі Instagram парақшасында күлкілі видео жариялап, желідегі оқырмандарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бейнежазбада әншінің толық арудың кейпінде билеп тұрғанын көруге болады.

«Жынды болсаң осы. Тик-ток не істетпейді. Күйеубала екеуіміз қалай түсіргенін білгіңіз келсе, сторисқа кіріңіздер» , — деген жазба қалдырды Айқын видео астында. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Аталмыш бейнеролик қалың көпшілікті күлкіге қарық қылып, санаулы уақытта мыңдаған қаралымға ие болды. Желі қолданушылары әншінің әзіл ретінде түсірілген видеосына тәнті болып, оған қатысты өз ойымен бөлісуде. 

«Қайта-қайта қарай бергің келеді» , «Күлкімді тоқтата алмай отырмын» , «Қатырасыз, шығармайтындарыңыз жоқ» , «Қандай күлкілі, маған керемет көңіл күй сыйладыңыз» , «Карантин не істетпейді» , «Әншілік пен блогерлікті қойып, енді тиктокер болып кетпеңіз» , «Басқаларға қарағанжа, сіздердікі ұйқасып шыққан» , «Айқын әрайым жаңашылдыққа жақын жүреді» , «30 рет көрген шығармын» , «Ұят секілді» , «Не дегенмен әнші деген атыңыз бар. Сіз үшін ерсілеу сияқты» , «Осы қалып еді енді көрмеген» , — деп жазуда желі қолданушылары.

Автор: Малика Хадид

kaz.nur.kz

[:]