АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»13 жасар қызға құда түскен»: Ауғанстанда туған қазақ жігіті ондағы қандастардың жағдайын айтты [:]

[:kz]

Ауған жерінде туып-өскен, бүгінде Данияда тұратын қазақ жігіті, экономист Ақбар Аюби Ауғанстандағы қандастардың жағдайы нашарлап кеткенін мәлім етті. Бул туралы ол елордада болған Ауғанстан, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Иран қазақтарының қазіргі жағдайы туралы халықаралық конференциядағы баяндамасында айтқан, деп жазады inbusiness.kz.

Басылымның хабарлауынша, Ақбар Аюбиге былтыр тамызда Ауғанстан билігіне Талибан ұйымының өкілдері (Қазақстанда рұқсат етілмеген ұйым) келгеннен соң біраз адам жағдай нашарлап кетті деп хабарласқан.

Жұмыстан айрылу, отбасын қорғау және тағы да басқа себептерге байланысты халықтың біраз бөлігі Иран мен Сауд Арабиясына бөлініп қашып кеткен. Ақбар Аюбидің айтуынша, қазір ондағы қазақтар Қазақстанға баруға, бармаған күннің өзінде мәдениетін қайта меңгеруге, жалпы өздерінің қазақ екенін ресми мойындатып, Қазақстанның қамқорлығында болуға ниетті.

«Ондағы қазақтардың ішінде инженер, экономист сынды жоғары мамандық алған, бүгінде жұмыссыз қалғандар, ауыл әкімі болғандар, полицияда лауазымды қызмет еткендер – қысқасы дайын мамандар бар. Жұмыс күші ретінде Қазақстанға келуге әзір. Жер игеріп, бір аймақта тұруға дайын. Өздерінің бірінші өтініші осындай», — дейді ол.

Ауған қазақтарының жағдайынан хабардар азамат елден берілетін гуманитарлық көмекті сондағы қазақтар арқылы жіберуді сұрап отыр.

«Қазақстан Ауғанстанға тонналап бидай жібереді. Осыны неге сондағы қазақтар арқылы жібермеске? Бір жағы ауған билігінің алдында бұл кісілердің статусы көтерілген болар еді.

Мысалы, онда бір қазақ жігіті бар. Ана қаладан мына қалаға қашып жүр. Себебі оның 13 жасар қызына барған жерінде тәлібтердің көзі түсіп, ертең құдалыққа келем деген жерінен қашып жүр. Міне, солар құрметке ие болар еді. Оларды аман-сау сақтап қалуға ықпал етер едік«, – дейді Ақпар Аюби. Сондай-ақ экономист қазақ балаларына Қазақстанда оқу оқуға квота сұраған.

/kaz.nur.kz

 

[:]