АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Кейде жігіт пен қыздай қол ұстасып алатын»: Алматы облысында өгей қызын зорлап өлтірді деген күдіктінің көршілері оқиға жайлы айтты[:]

[:kz]

13 жастағы өгей қызын айуандықпен өлтірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы Талғар ауданындағы жатақханалардың бірінде болған сұмдық жайт жергілікті жұрттың үрейін ұшырған болатын. Жасөспірімді қатаң тәртіппен ұстап, қасынан бір елі шығармаған ер адам бұрын соты болған дейді көршілері. Ал, қайғылы жағдай кезінде анасы қайда болған? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. 

13 жасар қыздың денесі екінші қабаттағы өзінің пәтерінен табылған. Ол онда анасы және өгей әкесімен бірге тұрыпты. Көршілерінің айтуынша жұмыста болған әйел адам жеткіншек байланысқа шықпағаннан кейін бірден келуге тырысқан. Алайда қаскөйдің арам пиғылынан арашалап қалуға үлгермеген. Бір жыл бұрын осы жатақханаға көшіп келген отбасын көршілері сырттай танығанымен, етене араласа қоймапты.

Бар білетіндері келіншек таңертең жұмысқа кетіп, кеш оралады екен. Ал, осы уақытта 13 жастағы қыз бала өгей әкесімен бірге қалып жүрген. Ер адамның талабы қатаң болғандықтан ба, әлде тәрбие солай ма әйтеуір жасөспірімнің аулада ойнап жүргенін ешкім байқамапты. Тіпті, көшеге шықса да екеуі қол ұстасып жүретін, дейді.

«Өгей әкесі бұрын сотталған. Мүмкін оны барлық жерде жұмысқа қабылдамаған. Негізі үйінде жүретін. Өгей қызы екеуі сыртта бірге кір жайып, дүкенге барып жүрген кезде қол ұстасып жүретін. Кейде жігіт пен қыздай көрінгенде күдік ұялатқаны да рас. Тіпті, үйінен балалармен ойнауға да шығармайтын. Бірақ, ішімдік ішкенін көрмедім. Еңбеккор екенін байқайтынбыз», — дейді көршісі  Күләш Жұбанова.

Алып ұшып үйіне келген анасы әуел баста пәтерінің есігін аша алмаған. Жақын маңдағы көршілері оны бұзуға көмектесіпті. Кірген мезетте өрімдей қыздың азапталған денесін тапқан. Бұл оқиғадан кейін қазір мұндағы тұрғындар да есіктерін кілттеп, үрей үстінде жүр. Ал, қайғылы жағдай болған үйдің есігі қазір жабық тұр.

«Жаман қиын болды бұл. Жас қызға обал қылды ғой. Айуандықпен өлтіріп қойыпты. Қорқынышта бәрі жатақхананың халқы. Қазір есіктерін іліп, бәрі қорқып қалды шыны керек. Тем более жас қыз 12 де бір гүлі ашылмаған. Кішкентай қыз еді», — дейді көршісі Сағадат Сәлібаев.

Қызының өлі денесін көрген ананың жағдайы нашарлап, қазір ауруханада жатыр. Көршілері үш баласы барын жеткізді. Оның екеуі қаладағы туыстарымен бірге тұрады екен.

Ал, 47 жастағы азамат қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап Алматыға қашып кеткен. Жедел іздестіру барысында құзырлы орган өкілдері оны тауып, қамауға алған.   «Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қыздың 47 жастағы өгей әкесі анықталды.

Жедел іздестіру іс-шараларының барысында оқиға орнынан жасырынған күдікті Алматы облысы полиция департаментінің жедел уәкілдерімен Алматы қаласының аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», — дейді Алматы облысы ПД медиа-аналитика тобының маманы Ернар Сайдильдин. Ұсталған ер адамға қазіргі  уақытта 99 баптың үшінші бөлігі бойынша іс қозғалуда. Бірге тұрған қаршадай қызды не себепті бұлай азаптап өлтіргенін жатақхананың тұрғындары да білмей дал. Ал, қанды оқиғаның қалай өрбігені және оған не түрткі болғаны тергеуден кейін бірақ анықталмақ.

www.oinet.kz/

[:]