АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]14 мың жұмыс орны ашылады[:]

[:kz]

Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыру, жаңадан инвестициялар тарту жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы құрылғаны белгілі. Бүгінде ол құрылыс, әлеуметтік маңызды жобалар, туризм, инвестиция тарту, цифрландыру, тұрақтандыру қоры бағыттары бо­йынша жұмыс жүргізіп жатыр.

 

«Түркістан» ӘКК жанынан «TURKІSTAN ІNVEST», «Цифр­ландыру орталығы» және «Тұрақтандыру қорының» филиалдары құрылған. «TURKІSTAN ІNVEST» компаниясының мақсаты – облыста инвестицияға қолайлы жағдай жасап, өңірдің экономикалық әлеуетін көтеру. Ол бүгінде жалпы құны 507 миллиард теңгені құрайтын 19 жаңа ірі жоба бойынша жұмыстарды бастап отыр екен. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте аталған компания басшысы Әлібек Несіпбеков мәлімдеді. Аталған жобалар агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі және баламалы қуат көздері бойынша кәсіпорындар салуды көздейді. Бұл жобалар іске асырылған кезде Түркістан облысында 14 мың жаңа жұмыс орындары пайда болмақ.

 

Н. ӘБДІ.

.zamana.kz

[:]