АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Меркельдің ұшағы Кельнге төтенше жағдайда қонды[:]

[:kz]

Германия канцлері Ангела Меркельдің ұшағы 29 қараша күні кешке Берлиннен Буэнос-Айреске ұшып бара жатып Кельнге төтенше жағдайда қонды. Меркель Аргентинаға «Үлкен жиырмалық» (G20) елдерінің саммитіне ұшып бара жатқан.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ұшақ Берлин әуежайынан ұшып шыққаннан бір сағат өткенде техникалық ақау шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болған. Меркель қосалқы ұшақпен Аргентинаға қайта ұшып кетпек.

Агенттік ақау шыққан ұшақ 2015 жылы да апатты жағдайда қонғанын хабарлады. Ол кезде Меркель Нью-Делиге кездесуге бара жатқан.

Әлемнің экономикасы қуатты жиырма елі басшыларының саммиті Аргентинада 30 қараша мен 1 желтоқсанда өтеді.

azattyq.org

 

[:]