АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]14 жастағы арыстық қыз белгісіз жағдайда жоғалып кетті[:]

[:kz]

Куәгерлердің айтуы бойынша, жоғалған қыз жақын маңдағы ауданға қарай кетіп бара жатқан таксиге мінген.

Арыста 14 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Қызды өздігінен таба алмаған ата-аналары полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, арыз түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары іздестіру шараларын бастаған. Бірнеше мобильдік топтар құрылып, ауыл аймақтардан іздестірген.

Куәгерлердің айтуы бойынша, жоғалған қыз жақын маңдағы ауданға қарай кетіп бара жатқан таксиге мінген. Осыдан кейін полицейлер жақын жердегі Темірлан ауылын түгел қарап шыққан. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде кәмелет жасына толмаған қыз анасының танысының үйінен табылады. Оның табылғаны туралы бірден ата-анасына хабар беріліп, қыз аман-есен үйіне жеткізілген. 

Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары жасөспірімнің жоғалып кеткені бойынша толық мән-жайды білу үшін тексеру амалдарын жүргізуде. Өз кезегінде перзентінің аман-есен табылғанына қуанған ата-анасы полиция қызметкерлеріне және ризашылығын білдірді.

 

[:]