АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]«26 сәуірдегі партия съезінде үлкен өзгерістер болады» — Айдос Сарым[:]

[:kz]

 

Жасыратыны жоқ, мемлекет басшысының партия төрағасы ретіндегі өкілеттілігі тоқтауы күтілуде деп хабарлайды orda.kz ке сілтеме жасаған  sn.kz

Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Айдос Сарым белгілі журналист Арманжан Байтасовқа сұхбат беріп, кибербуллинг жөніндегі заң жобасы және басқа да еліміздегі саяси мәселелер жөнінде сөз қозғады. Сұхбат барысында депутатқа Amanat партиясының 26 сәуірдегі кезектен тыс съезінде қандай өзгерістер болатыны туралы сауал қойылды.

«Біріншіден, Adal партиясының бас партия құрамына кіру мәселесі қаралуы мүмкін. Екіншіден, жасыратыны жоқ, мемлекет басшысының партия төрағасы ретіндегі өкілеттілігі тоқтауы күтілуде», – деп жауап берді Айдос Сарым.

Депутат партияда алдағы уақытта қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтып берді. Ол саяси реформалар кезеңінде партия қандай құндылықтарға баса назар аударатынын жеткізді.

orda.kz

[:]