[:kz]
АҚШ-та жасамаған қылмысы үшін 40 жылдай түрмеде отырған азаматқа билік 21 миллион доллар өтемақы төлейді.
1978 жылы құрбысы мен төрт жасар ұлын өлтірді деп айыпталып, 2017 жылға дейін абақтыда отырған Крейг Колидің шағымын сот қанағаттандырған. Бұл туралы Сими-Вэлли қаласының билігі 24 ақпанда хабарлады.
71 жастағы Крейг Коли түрмеден 2017 жылы сол кездегі губернатор Джерри Браунның рақымшылығынан соң босап шыққан. Губернатор сөзінше, ДНК іздері мен істі қайта қарау Колидің кінәсіз екенін дәлелдеген.
«Қанша қаражат болса да, Колидің өткергенін өтеп бере алмайды. Бұл істің осылай шешілуі Колиге де, қоғамға да дұрыс», деп жазылған қала билігі таратқан мәлімдемеде.
Сими-Вэлли қаласы Колиге 4,9 миллион доллар өтеп береді. Калифорния штатының билігі 2018 жылы Колиге 2 миллион долларға жуық өтемақы төлеуді шешкен.
Крейг Коли айыпталып, ұсталған кезде сотты болмаған. Тергеушілер бұл іс бойынша куәгердің жалған түсінік бергенін анықтаған.
Дереккөз: Азаттық радиосы
[:]