АҚШ Украинаға қосымша гуманитарлық көмек ретінде 18 миллион долларға жуық қаржы бөлетін болды. Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұл мәселені АҚШ вице-президенті Джо Байден мен Украина президенті Петр Порошенко 20 сәуір күні телефонмен сөйлескенде талқылаған.
17,7 миллион АҚШ доллары босқындар паналайтын орындар салуға, талонмен берілетін азық-түлік пен ауызсуға, үкімет әскері мен рсеейшіл сепаратистер арасында қақтығыс болған аймақтарда медициналық және санитарлық қызмет көрсетуге жұмсалмақ.
Байден мен Порошенко ЕҚЫҰ-ның әскери іс-қимыл әлі де жалғасып жатқан аудандарда бітім орнатуға күш жұмсап жатқанын құптаған. Олар бұған қоса, Ресейді бейбіт келісім талаптарын орындауға және ресей-украин шекарасында әскери жаттығулар өткізуді тоқтатуға шақырған.
Бұған қоса, Украинада америкалық және украиналық әскерилер бірлескен жаттығу бастады.
http://www.azattyq.org/