АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫНДАР

PR20130412201548«Майо клиникасының (Америка) мамандары энергетикалық сусындар жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу қаупін жоғарылатады», — деп есептейді. Зерттеуге ғалымдар 19 бен 40 жас аралығындағы дені сау 25 ер адамды таңдаған.
Оларға энергетикалық сусын мен плацебо сусын беріп, қан қысымы мен жүрек қағысының жиілігін қадағалап отырған. Тәжірибе жүргізу кезінде энергетикалық сусындарды ішкен ер адамдарда плацебо пайдаланғандарға қарағанда қан қысымы жоғары екендігі анықталды.

Зерттеу кезінде алынған нәтижелер дәрігерлерді қатты алаңдатып отыр, себебі қазір жастар энергетикалық сусынды жиі пайдаланады. Мамандардың айтуынша, бұндай сусындарды жиі ішу жастардың да жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығуына бірден-бір себепкер болуы мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.

ҚазАқпарат