АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Арзан автонесие автокөлік салтылым нарығын 30%-ға төмендеткен

auto-credit-bank-moscowҚазақстанда 2015 жылдың қаңтар-наурызында жаңа автокөліктердің сатылым нарығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға төмендеп, 552,8 млн долларды құрады, — деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) баспасөз қызметі.

Импортшылардың үлесіне 487,3 млн доллар тиесілі, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 21,69%-ға аз екендігі анықталған. Отандық автокөліктер 65,5 млн доллар соммасына өткізілген, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 60,76%-ға төмен. Алғашқы үш айда 10-15 мың доллар баға сегментіндегі автокөліктер сатылымда жоғарғы көрсеткіш көрсетіп отыр.

«Бұның себебі кейбір автокөлік модельдерінің төменірек баға сегментіне өтуіне себептескен акциялар мен жеңілдіктер болып отыр», — деп нақыталанады таратылған ақпаратта. Сатылым көлемі бойынша екінші орында 15-20 мың доллар баға сегментіндегі көліктер, олардың үлесіне жалпы сатылымдардың 20,69%-ы тиесілі. Құны 25-40 мың доллар 2 мың 636 бірлік автокөлік сатылған, бұл жаңа автокөліктер нарығының 10,38%-ын құрайды. Жаңа автокөліктердің импорт үлесі — 89 пайызды құраса, Қазақстанда жасалынған автокөліктерге алғашқы үш ай ішінде өткізілген жаңа автокөліктер нарығының 10,6 пайызды көрсетіп отыр. «Біз отандық автокөліктер сатылымының төмендеуін халықтың осы жылдың 20 сәуірінде басталып кеткен жеңілдетілген несие бағдарламасын күткендігімен байланыстырамыз», — деп түсіндірді ҚАБҚ.