АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

АСТАНА ЖОЛДАРЫНА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ БЕЙНЕКАМЕРА ОРНАТЫЛАДЫ

images (3)Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында ағымдағы жылы 3 мыңнан астам бейнебақылау құралдары орнатылады, деп хабарлайды astana.kz
«Astana innоvations» АҚ хабарлауынша, елордада көше қиылыстары мен тас жолдарда бейнетіркеу құрылғыларын орнату және іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталмыш құрылғылар жоғары жылдамдықты ғана емес, белгіленбеген жерлерге көліктерді қою, жол бөлетін сызықтарды кесіп өту, қарама-қарсы бағытқа шығып кету тәрізді ереже бұзушылықтарды да тіркейді. Камералардың жоғары сапасы көліктің мемлекеттік нөмірлерін 100 метр қашықтықта, ал инфрақызыл жарықтар арқылы түнгі уақытта 50 метр қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді. Бейнеталдау жүйесі тіркелген бейнекөріністі операторға жібереді, тіркелген жазбалар ереже бұзушылық деп танылған жағдайда ол ІІД-іне жолданады. Болашақта аталмыш құрылғылар іздеу жарияланған көліктерді автоматты түрде іздеуге, жол кептелісін бақылауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

http://zhebe.com/