ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында өткен Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдері құтқарушылар қызметінің халықаралық оқу-жаттығулары осы аптада аяқталды.
Жаттығу шарты бойынша, Алматы маңында жойқын күштіжер сілкінісі болып, табиғи апаттан, оның артынан келетін өрт, су басу, газдың атылуы сияқты қосымша факторлардан 200 мың адам зардап шегеді. Ғимараттар қирап, химиялық нысандардазиянды қоспалар төгіліп, улы газдар адамдарға қауіп төндіреді, қала аумағында өрт жалындап апат аумағы ұлғаяды. Жер сілкінісінің қайталануы мүмкін. Табиғи апат болған жерге қазақстандық құтқару қызметінің барлық түрлері, әскери бөлімдер уақытында жетті, алайда төтенше жағдайдың жаһандық деңгейде деп жариялануына байланысты әлемдік құтқару қоғамдастықтарының көмегі қажет болды. Осындай жағдайда Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Қытайелдерінің халықаралық құтқару қызметтерінің бірлесіп әрекет етуі «Жартасты қала –Астана» оқу-жаттығу полигонында көрсетілді.
Он кезеңге бөлінгенжаттығулар кезінде – көпқабатты биік үйлер мен таулы аймақтардағы апаттық құтқару жұмыстары, қираған өнеркәсіптік ғимараттардағы, түрлі апаттардан кейін апатты жағдайдағы ғимараттар мен құрылыстардағы, өрт сөндіру кезіндегі, жоғарывольтты электр өткізу желілеріндегі, химиялық-қауіпті нысандардағы апаттар,жолда келе жатқан көліктер мен төтенше жағдай көлігінде, әуе көлігіндегі, метро желілеріндегі апат кезіндегі, қираған ғимараттар мен лабиринттердегі құтқару жұмыстары жүргізіліп, оларға баға берілді.
Жаттығу барысында халықаралық гуманитарлық көмектерді, құтқару бөлімдерін қабылдау және қосымша құтқару күштерін пайдалану, жоғалған қазақстан азаматтарын іздестіру бойынша халықаралық ұйымдармен, елшіліктермен бірлесіп жұмыс істеу бойынша жұмыстар атқарылды. Кинологтар құлаған үйлердің үйінділері астында қалған адамдарды иісшіл иттің көмегімен іздеді. Қаланың әр жерінде жалындаған өртті тек әуеден өшіруге ғана мүмкіндіктер болды, өйткені қираған көшелермен өрт сөндіру көліктері жете алмайтын еді. «Казавиақұтқару» тікұшақтары өрт ошақтарын төбеден су бүркіп өшіру кезінде нағыз пилотаждық өнерлерін көрсетті. Дәрігерлер шатырларын құрып жіберіп дала госпиталінде жарақат алғандарды, табиғат апатынан зардап шеккендерді қабылдай бастады.
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдері құтқарушылар қызметінің халықаралық оқу-жаттығуларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, Қытай Халық Республикасының Азаматтық әкімшілік министрінің орынбасары Гу Чаоси қатысты. Олардың пікірінше, ШЫҰ елдерінің басқару органдары мен құтқару күштерінің «оқиға орнына» жедел жетуі үлкен жетістік. Ресей ТЖМ құтқару отрядтары — Мәскеуде орналасқан «Центроспас» (жақында ғана бұлар Непалдағы төтенше жағдай зардаптарын жоюға қатысып келді) және Красноярск қаласындағы «Сибспас» құтқару отрядтары өздерінің техникаларымен, құрал-жабдықтарымен шартты түрде төтенше жағдай болған аймаққа құтқаруавиациясының Ил-76 ұшағына мініп аз уақыттың ішінде жетіп келді. Қытайдың өрт сөндіруші және құтқарушы отрядтары «табиғат апатынын зардап шеккен мемлекетке» толықтай құтқару жабдықтарын алып, екі мың шақырымдық қашықтыққа марш жасады. Қырғызстан мен Тәжікстан құтқарушылары да осылайша өз көліктерімен алыстан шаңдатып жетті.
–Оқу-жаттығуға жақында ғана Непалдан оралған ресейлік құтқарушылар қатысуда. Соныменқатар, таулыаймақтарғажеделәрекететудетәжірибелері бар тәжікстандықжәнеқырғызстандықәріптестеріміз де осында. Жерсілкінісікезіндеапатаймағындаәрекететудеәрелдіңөзтәжірибесі бар. Бізсоныортаға салып бөлістік, тәжірибе алмастық. Құтқарушылар осындай халықаралық жаттығулардан көп нәрсе үйреніп, сол тәжірибелерін кез келген уақытта іс жүзінде пайдалана алатын болады, — дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко.
Жаттығуды бастан-аяқ бақылаған Қытайдың Азаматтық әкімшілік министрінің орынбасары Гу Чаоси ұшқыштарымыздың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді. «Ірі жер сілкінісі кезінде авиацияның маңызы өте зор. Біз бүгін қазақстандық ұшқыштардың кәсіби шеберліктерін көріп тәнті болдық. Бұл жағынан біздің Қазақстаннан алатынымыз көп» деді Гу Чаоси.
ШЫҰ қатысушы-мемлекеттердің бірлескен жаттығулары 2009 жылдан бері жылда өткізіледі. Владимир Божконың айтуынша, бұл жолғы жаттығуға қатысушылардың алдына қойылған тапсырмалар толықтай орындалды, ШЫҰ қатысушы-елдер құтқарушыларының бірлескен іс-қимылдары деңгейін көтерудегі мақсат жүзеге асты.