АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Нұрлы жол — болашаққа жол»

скачанные файлы (3)«Нұрлы жол — болашаққа жол» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс, бес институционалдық реформалар, «100 нақты қадам» атты ұлт жоспары, әсіресе экономикалық салада, әйелдердің қатысуынсыз мүмкін емес.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес саласында айтарлықтай әсерді әйел кәсіпкерлігі қамтамасыз етеді. Шағын және орта бизнесте 41,5 пайыздан астам әйелдер басқарады. Бір миллионнан астам жеке кәсіпкерлердің тең жартысы әйелдер.

2014 жылы 795 мың жұмыс орындарын  әйелдер қамтамасыз етті, ол дегеніміз шағын және орта бизнес саласында 30% жұмыс орындарын құрайды. 52 мыңнан астам қазақстандық әйелдер бизнесті қолдау үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысты.

Барлық осы жүйе арқылы қабылданған шаралар әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру нәтижесі болып табылады.

Алайда, осы салада шешілмеген мәселелер де бар, оларды 3 бөлікке бөлуге болады:1. Өз ісін бастау үшін тиісті білім мен ақпараттың, нарықта сұраныс пен ұсыныстың, кәсіпкерлік дағдылардың жетіспеушілігі.2.         Ауылдық жерлерде қаржыландырудың болмауы және жетіспеушілігі.3.         Кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау тетіктерінің болмауы.Осыған байланысты, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікте өзекті мәселелерді шешуге жедел үйлесімділігін және тиімді тәсілді қамтамасыз ету үшін мемлекеттің әлеуетін және бизнес қоғамдастығын шоғырландыру маңызды.

— Бірінші бөлік бойынша кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

— Екінші бөлік мәселелері бойынша ауылдық жерлерде ШОБ қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыруға қатысу және алуда қолдау көрсетуді кеңейту.

— Мәселелердің үшінші бөлігі «100 нақты қадам» жоспарында № 54 мәлімделген, бизнес-омбудсмен институтын құру арқылы шешілетін болады.

Бизнес-омбудсмен институты – бұл, әрбір кәсіпкердің құқығы мен қызығушылығын қорғауды қамтамасыз етуші орган. Бұл алдын алу саясаты мен жазалаудан, ескерту және әділ кәсіпкерлікті мақтау саясатына көшуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті дамыту үшін осы мәселелері және қоғамдық қаражат бөлу шешімі біздің экономикамыздың өсуіне серпін береді, жұмыс орындарының санын және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырады.

Орынд. Ертаева Н., Шакенова А.

тел: 8 7172 79 15 95, +7 701 512 55 00