АЛТЫНОРДА
Иносми

КЕЙТ МИДДЛТОН ҰЛЫБРИТАНИЯ ТАҒЫНА ОТЫРУЫ МҮМКІН

797490БАҚ-та Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ өзінің немересі Уильям мен оның зайыбы Кейт Миддлтонның пайдасына тақтан бас тартуы мүмкін, деген ақпарат пайда болды, деп хабарлады шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл оқиға бірнеше айдан кейін, сірә, көктемде болуы мүмкін. Алдағы жылы Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ мерейтойын атап өтпек, Ол 90 жасқа толады. Мұндай жаста тақта отырудың қажеттігі жоқ, деп санайды патшайым, сондықтан да ол БАҚ-тың хабарлауынша, билікті немересі мен оның зайыбына табыс етпек. Сөйтіп, енді жеті айдан кейін Кейт Миддлтон жаңа патшайым болуы мүмкін. Еске сала кетейік, жақында Елизавета ІІ өзінің тақта отыруының 63 жылдығын атап өтті. Күні кеше ғана ол өзінің әжесі Викториядан да ұзақ билікте болып, рекорд орнатты.

http://zhebe.com/