Бүгін, 23 қыркүйек, облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болды. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысқан аймақ басшысы алдымен, Ақсукент ауылындағы тозығы жеткен «Мақатаев» жалпы орта мектебінің жағдайымен де танысты. Аталған білім ұясы 1964 жылы балабақша болып ашылып, 1990 жылдардан бері ыңғайластырылған мектеп ретінде жұмысын жалғастырып келген. Бүгінде 400 бала оқуы тиіс мектепте 800 бала білім алуда. Осы мәселемен танысқан облыс басшысы алдағы уақытта бұл жайтты кеңінен қарап,жаңа ғимарат салуға бюджет қарастыруды тапсырды. Өткен жылы ауданда бес мектеп салынып, пайдалануға берілсе, биыл 3 білім ошағы ашылды. Ал осы жылы төрт мектептің құрылысы жүруде. Айта кетерлігі, мектеп нысандарының құрылысын жергілікті бюджеттен салуға қауқарлы аудандардың бірі.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі