Қазақстан волейболшысы Сабина Алтынбекова GSS Sunbeam жапон волейбол клубының намысын қорғайтын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды. Спортшы аталған клубта 1 ай бойы жаттығып келген. Биыл қарашада клуб спортшылары V.Challenge Ligue чемпионатында бабын сынайтын болады. Өзінің блогында қазақстандық спортшы жаттығу 8 сағатқа дейін жалғасатынын айтқан. Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен Азия жастар чемпионатында көзге түскен. Қытай журналистерінің обьективінен түспеген бойжеткен аз күнде әлемге танымал болды.
http://zhebe.com/