АЛТЫНОРДА
Казахи за рубежом

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ ҚҰРСАҒЫ ӨЗГЕНІҢ ТЕПКІСІНЕ ЖАРАЛҒАН БА?(ВИДЕО)

 

 

31 қазанда ҚХР Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Районына қарасты Тарбағатай аймағаның Дөрбілжін ауданынық 1- орта мекетебініде оқитын қазақ қызын қытай қыздарының аяусыз ұрып-соққаны туралы видео вичат әлеуметтік желісінде таралып,  қандастарымыздың ашу-ызасын тудырды. Әлеуметтік желідегі қазақтардың наразылығынан кейін қытай үкіметінің тәртіп сақшылары қандасымызға күш көрсеткен оқушыларды қолға алып, тексеру жұмысын жүргізіп жатқаны туралы ақпараттар келіп түсуде.

Видеоны көрер болсаңыз, қандасымыздың басы көзінен ұрып, ішінен тепкілеуде. Бұл видеоны көрген қай қазақтың болса да жүрегі ауырмай тұрмас. Бұны Шалғай ауыл қыстақтан білім іздеп келген қазақ баласының күй жайынан мәлімет берді десек те болады. Бұдан түйер түйін: қандастарымыз өз отанын ерте бастан таппаса әлі де мұндай тепкінің талайын көрері анық. Сондықтан үкімет көші-қон турлы заңды тезірек іске қосып, қандастарының елге орлуына түрткі болып, өз құшағына алып, пана болуы тиіс.

Тағы бір айта кететініміз, Қазақ елінің ата заңында: «қазақ елінің ең үлкен байлығы адамдар»,- делінген. Ал, біздің адамдар – әр бір қазақ азаматы. Қайда жүрсе де қазақ баласының өз иесі бар. Әлемдегі қазақ баласына иелік етер «Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы» да бар. Ендігі сұрақ, осы қауымдастық қазақ қыздарының құрсағын тепкілетіп, қара көздеріміздің көзінен қашанғы жас ағыза береді?

Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылдан кейін қытайдағы ауыл қыстақтардағы қазақ орта  мекетептері жабылып, қаладағы мектептер аралас мектептерге айналған болатын. Бұл да болса, соның жемісі болуы керек. Бұдан кейін, ол жақтағы қандастарымыздың болашағына қалай алаңдамаймыз?

Тұрдыбек Құрметхан

«Қамшы» сілтейді