АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРЕККЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛА БАСТАДЫ

19_03Шымкенттік кардиологтар балалардың жүрек ақауына байланысты күрделі операциялар жасай бастады. Олардың қатарында жаңа туған сәбилер де бар, — деп хабарлайды 24.kz. Ең алғашқы көмек туғанына ай да толмаған Алина есімді сәбиге көрсетілген еді. Жүрек ақауымен дүниеге келген бөбек қазір өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлердің айтуынша, ол болашақта спортпен шұғылданып, толыққанды өмір сүреді. Украиналық әріптестерімен бірлесіп жасалатын операциялар тегін. Қазіргі таңда осындай жолмен көмек алған төрт сәбидің жағдайы жақсарып келеді дейді мамандар. «Біз аса күрделі операцияларды жасай отырып, олардың өмір сүруіне мүмкіндік береміз. Шымкенттік мамандардың деңгейін байқағаннан кейін мен осы жердің өзінде-ақ тура Швейцария, Цюрих пен Киевтегідей жағдайда операция жасауға болатынына көзім жетті», — дейді Киев қ. республикалық кардиология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Илья Емец.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі