АЛТЫНОРДА
Президент казахстана

ІІ Елизавета патшайым Елбасы сапарына жоғары баға берді

16029-212-_elizaveta_patshaiym_ruМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияға жасаған сапар аясында ел премьер-министрі Дэвид Кэмерон және көптеген ірі тұлғалармен кездесті.Екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақындататын көптеген келісімдерге қол қойды. Келісімшарттардың жалпы құны 13 миллиард доллар. Мұның бәрі британдық бизнес өкілдері және ірі кәсіпорын басшыларымен кездесудің нәтижесінде қол жеткізілген жетістік. Сондай бір аса жоғарғы деңгейдегі салтанатты кездесудің бірі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы ІІ Елизаветамен өтті.

Букингем сарайында өткен кездесу ерекше болды. Тіпті Қазақстан бас­шысына осы сарайда айрықша құрмет көрсетілді. Оны гвардиялық полктың қарауылы Елбасын қазақша қарсы алуынан-ақ байқауға болады. Сондай-ақ ІІ Елизавета еліне сапарлап келіп жатқан кез келген саясаткер, мемлекет басшы­ларына дастарқан жая бермейтіні белгілі. Бұл жолы бәрі де өзгеше өтті десек қателеспейміз. Шындығында, Қазақстан басшысының сапарына ерекше мән берген патшайым ағылшындарға тән барлық жөн-жоралғыны жасады. Бұл ағылшын монархының Қазақстанға һәм осы елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ерекше ілтипатын білдірсе керек-ті. 
Елбасы кездесу барысында патша­й­ымға Біріккен Корольдікке сапары­ның қорытындылары туралы әңгімелей оты­рып, екі жақтың арасында көптеген келісімдердің жасалғанын ризашылық­пен атап өтті. Қазақстан Президенті еліміз­дің сыртқы саясатында британдық вектордың маңызы жоғары екенін, оған елдеріміздің арасындағы жоғары деңгейдегі байла­ныстар ғана емес, іскер топтардың, академиялық қоғамдастықтардың, сондай-ақ екі мемлекет ведомствола­рының арасындағы мықты серіктестік байланыстар да айғақ болатынын айтты.Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан Қазақ­стан экономикасын жаңғырту жөніндегі реформаларға және осы үдерісте бри­тандық капиталдың атқара алатын рөліне тоқталды. ІІ Елизавета патшайым да өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Лон­донға ресми сапарының қорытын­дыларына жоғары баға беріп, оның нәтижелері екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Біріккен Корольдік халықтарының өркендеуіне қызмет ететініне сенім білдірді. 

Темірлан БАЯЗИТ

http://aikyn.kz/