АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Темірлан АЛМАС.МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кеңесшісі, Қазақстан мүгедектері ұйымдары одағының төрағасы 5FEDEF1D-A559-416B-8CBD-F7D3B1DBA67C_mw1024_s_nарнайы іссапармен Оңтүстік Қазақстан  облысына келді

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кеңесшісі, Қазақстан мүгедектері ұйымдары одағының төрағасы Әли Аманбаев Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде облыстағы бірнеше басқарма және әртүрлі ұйым өкілдерінің қатысуымен  жиын өткізді. Бұл басқосудағы көтерілген басты мәселе – оңтүстік өңірдегі көпқабатты тұрғын үйлерде, сауда нысандарында, сондай-ақ кейбір мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында мүгедектер үшін ешқандай жағдай жасалмағаны болды.

Көпқабатты ғимараттарда түратын мүгедектерге үстіңгі қабаттарға баспалдақпен шығып-түсу қиын. Халық көп тұратын аулаларда, көшелердегі автотұрақтарда мүгедектер көліктерін қоятын арнайы орындар болуы тиіс. Осының барлығы алдағы уақытта жолға қойылатын міндеттер екені айтылды жиында.

— Әлемдегі  дамыған елдерде тіпті екі қабаттық ғимараттардың өзіне  мүгедектер үшін жедел саты қойылады. Бүгінгі уақыттың, заманнның  талабы осындай. Ал біздің өңірдегі  жағдай басқаша. Атап  айтсақ, көпқабатты емес, бір қабатты  ғимараттардың өзіне жасалған пандустарда мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрмақ, аяқ-қолы аман кісінің өзі әрең жүреді. Бұл бүгінгі уақыт  күттірмейтін өзекті мәселесі, сондықтан ол оң шешімін табуы тиіс, — деп облыстағы барлық сала мамандарының басын қосқан жиында Али Әбілдаұлы. 

       Министрдің кеңесшісі Әли Аманбаев келешекте өңірдегі ескі болсын, жаңадан салынатын ғимараттар болсын  мүмкіндігі шектеулі  жандар  үшін  тиісті жағдайлар жасау керектігін қадап айтты. Тағдырдың қатал сынына кез келген жан тап болуы мүмкін, мүгедек адамдарға қоғамымызда жан-жақты көмектер көрсетілуі тиіс. Мұны  оңтүстікқазақстандық халық қалаулылары да құптап отыр.

       Сондай-ақ, облысқа  сапары кезінде Әли Әбілдаұлы Түркістан қаласында  төсекке таңылған азаматқа емделуі  үшін 500 мың теңге  көмек қажеттігін   де тілге  тиек  етті. Бұған қаржылай көмек көрсетіп, қол үшін беретін қайырымды жандардың облыста жеткілікті екеніне сенім білдірді. Осы  жағдайдан  құлағдар  болған  Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің  директоры,  Оңтүстік Қазақстан  облыстық  мәслихаттың  депутаты Аманкелді  Сопбеков  науқас  жанға  250  мың  теңге берілетін болғанын мәлімдеді.