Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жексенбіде жолдарда көлік қозғалысына енгізілген шектеулері алынып, жол ашылды.
«Бүгін, 7 желтоқсан күні таңғы сағат 06.10-да Алматы-Өскемен тас жолының 779-970 шақырымы — Аягөз-Қалбатау учаскесінде қоғамдық және жүк көліктері үшін жол ашылды. Қазір ҚР тас жолдарында көлік қозғалысына шектеулер жоқ», — делінген «ҚазАвтожол» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
http://www.inform.kz/