АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Темірлан АЛМАС.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННАН 12 СПОРТШЫ ОЛИМПИАДАҒА БАРАДЫ

89N13DTJОңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлға 4 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Жазира Жаппарқұл мен оның бапкері, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері В.Нюді қабылдады. Кездесу барысында облыс әкімі Ж.Жаппарқұлды таяуда ғана Американың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдесімен құттықтап, 4 миллион теңгенің қаржылай сертификатын табыстады. Ал спортшының бапкері В.Нюге 1 миллион теңгенің қаржылай сыйлығы берілді. Басқосуда аймақ басшысы өңіріміздегі спорт саласындағы жұмыстардың жоғары деңгейде атқарылып жатқанын айтып, спортшыларға алғысын білдірді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Биылғы жылдың 20-29 қараша аралығында Американың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Бұл әлемдік додаға Қазақстан Республикасының атынан түсетін ұлттық құрама командасына Оңтүстік Қазақстан облысынан 4 спортшы кірген болатын. Осы Әлем чемпионатында Жазира Жаппарқұл 69 келі салмақта 2-орынды иеленіп, алда болатын Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдаманы жеңіп алған еді. Сонымен Оңтүстік Қазақстан облысының спортшыларының қоржынында дәл қазір Рио-де-Жанейро олимпиадасына 12 жолдама бар. Өткен жылы облыс спортшыларының қанжығасында 10 жолдама болған еді, биылғы көрсеткіш одан да жақсы болды. Осы көрсеткіш бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикада бойынша алдыңғы орында тұр. Жыл аяғына дейін олимпиадаға жолдамалардың саны көбеюі әбден мүмкін.