Алматы облысы полициясы 20 жастағы студен қызды ұрлады делінген адамның аты-жөнін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinеws.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Іздестіру шаралары кезінде куәгерлер табылып, олардың берген түсініктемелері бойынша күдіктінің аты-жөні анықталды. Мәліметтерге сүйенсек, Н. есімді күдікті 1970 жылы туылған. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар, ол автокөлік ұрлығы мен басқа да құқық бұзушылық жасағаны үшін іздестіріліп жатыр», — деп хабарлады ІІД. Департамент қызметкерлері бұл істің ҚР ІІМ бақылауында екенін айтты.
Еске сала кетейік, 20 жастағы студент қыз 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Айзада көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. Қыздың үстінде сол күні қара күрте, көк шалбар мен қызғылт орамал болған.
Қыздың атасы Руслан мен туысы Гүлзара Айзаданың экономика және құқық колледжінде оқитынын айтты. Айзада жолда досына хабарласып, жүргізушінің оны Қапшағай жаққа апарғанын айтқан. Сонымен қатар, әңгіме барысында ол қатты қорқатынын бірнеше рет қайталап айтыпты. Кейін қыз бірге оқитын құрбысына хабарласып, колледжге бес минуттан соң келетінін жеткізген. Дегенмен ол сол күйі барған жоқ. Қыздың телефоны өшірулi
http://kaz.tengrinews.kz/