
Бұл жұмысқа 608 техника мен 112 құмсепкіш техника тартылды. 785 жұмысшы қар тазалау жұмыстарына кірісті.
«Бүгін Алматы көшелеріндегі көктайғақтың алдын алу үшін 3669 тонна құмды-хлоридті ұнтақ пен 91 тонна техникалық тұз себілді. Таңғы сағат 9:00-дан аудандық әкімдіктер әр мекеменің жақын территорияның тазалануын қадағалап жатыр», — деді қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы ТЖД «Қазгидромет» болжамына сүйене отырып, дауылды ескерту жариялаған болатын.
«10 желтоқсанда қар аралас жаңбыр күйінде қалың жауын-шашын күтілуде. Кей кездері тұман мен көктайғақ болуы мүмкін», — делінген еді хабарламада.