АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ЕНГІЗІЛМЕК

20151210041255Елбасы Н.Назарбаев 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялаған. Соның 48-қадамында құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу болатын. Аталған ресурстық әдіс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілмек. Бұл жөнінде ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы К.Орашов мәлім етті. Басқарма басшысы бұл ресурс тауардың өзіндік құнын анықтап, отандық тауар өндірушілерге мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Күмісбек Орашов барша тауар өндірушілерге жаңа жүйеге белсене қатысып, өнімдерін тізімге енгізуді шақырды. Қазақстан кәсіпкерлеріне қолдауға бағытталған жүйе келер жылы жұмысын бастаса, мемлекеттік сатып алу оңтайланады. Құрылыс материалдардың бағасы арзандап, ғимараттардың сапасы жақсармақ. Сонымен қатар, брифингте сөз алған «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары И.Спатаев өңірдің барша кәсіпкерлеріне өздерінің өндіретін құрылыс материалдарын, бұйымдары мен жабдықтарының тиісті құжаттарын әзірлеп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне» және оның көшірмесін «Қазақ құрылысы және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамыныңcrn5@mail.ru электрондық поштасына жолдауларына болатынын айтты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі