Мәскеуде Ш. Айтматов атындағы саябақ ашылады. Бұл туралы дүйсенбіде КирТАГ РФ-дағы Қырғызстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «2015 жылғы 26 қазанда Мәскеу қаласының әкімдігі Ресей астанасының Данилов ауданында (Люсиновская және Большая Серпуховская көшелерінің қиылысында) орналасқан саябаққа Ш. Айтматов есімін беру туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада. Еске салсақ, 2015 жылғы 2 қазанда Мәскеу қаласы атқарушы билік органы өкілдерімен болған жұмыс кездесуі барысында РФ-дағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі Болат Жүнісов Мәскеу үкіметіне Ш. Айтматов атындағы саябақ ашу мүмкіндігін қарау жөнінде ресми өтініш білдірген болатын.
http://zhebe.com/