АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шымкентте жаңажылдық безендіруге бөлінген қомақты қаржы жетім балаларға берілді

elka1-e1449038110221Шымкентте жаңажылдық безендіруге бөлінген 80 миллион теңге аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға берілетін болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтме жасап.

Қалалық әкімдіктің ресми сайтында мұндай ұсынысты қала басшысының жасағаны жазылған. «Қала басшысы Əбдірахымовтың ұсынысымен жаңажылдық безендіруге бөлінген 80 миллион теңгенің жұмсалу мақсаты мәслихатта қайта қаралды. Аталған қаржы енді 5500-ге жуық жетім жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына бір реттік көмек көрсетуге бағытталады. Осылайша, Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған балалар қысқы киім-кешектермен қамтамасыз етілмекші», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Шымкентте Жаңа жылда отшашулар болмаса да, мерекені балалардың қуанышы мен күлкісі безендіреді», — деп жазды қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Данат Жумин.