Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жалпы делегаттар саны 50 адамнан асатын шетелдік 3 делегацияны қабылдады. Сапар барысында шетелдік делегация «Оңтүстік» индустриялық аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, инвесторларға Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуеті инвестициялық жобалары көрсетілді. Қонақтардың қатарынан итальяндық делегация
Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, Италиялық делегация облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Сатыбалдымен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты жақсарту және оңтүстік өңірдің экономикасына инвестиция салу мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысына ресми іс-сапармен Америка Құрама Штаттарының Алматы қаласындағы Бас консулы Марк Муди келді. Сапар барысында конақты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б. Атамқұлов қабылдады. Кездесу барысында денсаулық сақтау және білім беру саласында жаңа технологиялар және әдістер енгізу бойынша екі жақтық ынтымақтастық мәселелері пысықталды, сонымен қатар, оңтүстіктің инвестициялық мүмкіндіктері көрсетілді. Шетелдік делегацияларды қабылдаудан бөлек, Отырар ауданында жүгері кептіретін және сақтайтын кешеннің ашылу салтанаты өткізілді. Бұл жәйт облыстағы жүгері дақылдарын өсіру бойынша жандандыру жұмыстарының алғашқы жемісі болып табылады. Кешен облыс әкімдігі жанынан құрылған «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС-ның қолдауымен салынып, британ және қытай жабдықтарымен жабдықталған. Кешеннің бір мерзімде 10000 тонна жүгеріні кептіріп, сақтауға мүмкіндігі бар. Жобаны жүзеге асыруға 450 млн.теңге көлемінде инвестиция тартылды және 35 тұрақты жұмыc орны ашылды.
http://zhebe.com/