Оңтүстік Қазақстан облысының Мобильді Халыққа қызмет көрсету орталықтары ағымдағы жылдың соңғы он бір айында 188 шалғай елді мекендердің тұрғындарына 67 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
ОҚО «ХҚКО» РМК филиалы директорының орынбасары Ғалымжан Нұрмағанбетовтың айтуынша шалғай елді мекен тұрғындарынан 1 239 рет тапсырыс түсіп, 67 мыңнан астам құжат берілді.
Ең көп сұранысқа ие қызмет түрлері АХАЖ саласы бойынша мыңнан астам құжат және жергілікті басқару мекемелері бойынша 8 337 құжат берілсе, электрондық сандық қолтаңба 17 623 рет берілген. Сонымен қатар Баланы балабақшаға кезекке қою саласы бойынша 700 астам құжат тіркелді.
ОҚО «ХҚКО» РМК филиалы директорының орынбасары Ғалымжан Нұрмағанбетовтың айтуынша, мобильдік ХҚКО-лардың басты міндеті –шалғай елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу.Ауыл тұрғындары аудан орталығына шықпай-ақ Мобильді ХҚКО тобын шақырту арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін 212 мемлекеттік қызметің алуға мүмкіндіктері бар. Біз қаншалықты көп қызмет көрсетсек, соншалықты халыққа да қолайлы болмақ. Осы жылдың наурыз айынан бастап ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлерімен Мобильдік ХҚКО бірге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтерін көрсетуде.
Атап айтсақ ЗТМО қызметінің ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтарға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі, зейнетақыны жеткізетін болады.
Мобильдік ХҚКО спараларының кестесі әкімдіктермен алдын ала келісілетін және аудандық әкімдіктердің сайттары мен өңірлік БАҚ-тарда жарияланатын болады. Мобильдік ХҚКО сапарларының кестесін«ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталында табуға да болады.
Реттеу зал басшысы З.Рахимова