БҰҰ-ның Ауғанстан жөнінен арнайы өкілі Николас Хейсом осылай мәлімдеді. Себебі қазірдің өзінде Ирак пен Левант террористік тобының (ТГИЛ) содырлары мен «Талибан» мүшелері елдің үш бірдей провинциясын билеп-төстеу жөнінен өзара бақталастыққа түскен, деп хабарлайды sputniknews.com. Оның мәлімдеуінше, ТГИЛ өз ықпалын Ауғанстанның салафия идеологиясы таралған батысы мен шығысына кеңейткен. Бүгінде мұнда «Талибан» мен ТГИЛ арасында шиеленіс туындаған. «Қазір олар қырық пышақ болып қырқыспағанымен, кейін өзара соғысып кетуі мүмкін», — дейді Хейсом. Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/