Полицейлер Паттайада Қазақстан мен Ресей елінен барған 25 биші қызды ұстады.
Бұл туралы Bangkok Post хабарлайды.
29 желтоқсан күні Тайланд полицейлері рұқсатысыз жұмыс істеген биші қыздарды ұстаған. Тексеру барысында олардың мемлекет тарапынан жұмыс істеуге қатысты рұқсат қағаздарын алмағаны және адам саудасына қарсы әрекет етілгені анықталған.
Бишілер Moulin Rouge және Crazy Russian Girls түнгі клубтарында болған. Клубтар Паттаядаға Walking Street көшесінде орналасқан. Қыздарға заңсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды. Енді олар отандарына депортациялануы мүмкін. Сондай-ақ, түнгі клуб басшыларына өзге елдің азаматшаларын заңсыз жалдап, жұмыс істеткендері үшін айып тағылатын болды.
Источник: Stan.kz