АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Семейде 19 жастағы жігітті плита басып қалды

113291328 наурыз күні кешкісін қалалық төтенше жағдайлар басқармасына Аягөз көшесіндегі бір тұрғынды плита басып қалғаны жайында шұғыл қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар темірбетон дуалдың 19 жастағы жігітті басып қалғанын анықтаған. Тұрғынның жедел жәрдем келмей жатып, сол жерде жан тапсырғаны белгілі болды. Дуал «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ «Жаңасемей» стансасын қоршап тұрған. Бұл туралы Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы хабарлап отыр. Авторы: Болат Көкенайұлы

Источник: http://24.kz/