АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

KASE: Теңгенің долларға қатысты бағамы 343,71-ге тең

KASE: Теңгенің долларға қатысты бағамы 343,71-ге теңKASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 343,71-ге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, сессия кезінде биржа сайтында ақаулар пайда болды.

30 наурыздағы таңғы сессияның бірінші келісімі 344,48 теңгемен өтті. Сессияда төменгі сауда 342 теңгемен, жоғарысы 345,1 теңгемен жасалды. Сауда көлемі болса 42,9 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, валюта айырбастау пункттері шетел валютасын 340-344 теңге аралығында саудалап жатыр.

Intercontinental Exchange порталындағы мәліметтерге сүйенсек, Астана уақыты бойынша сағат 11.12-де Brent маркалы мұнайдың баррель құны 39,37 долларға тең болды.

 

kaz.tengrinews.kz 

Толығырақ: http://alashainasy.kz/economica/KASE-tengenn-dollarga-katyistyi-bagamyi-34371-ge-ten-82595/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі