Кытай тұрғындары ағайынды Чжао Синь (Zhao Xin) мен Чжао Сюань (Zhao Xuan) және олардың әйелдері, апалы-сіңлілі Юн Фэй (Yun Fei) мен Юн Ян (Yun Yang) бір-бірін шатастырмас үшін жүздерін өзгертпек.
Сурет: vk.com
Ота Шанхай госпитальдерінің бірінде жасалмақ.
Басылым атап өткендей, ағайындылар Чжао бір-біріне түрлерімен ғана емес, олардың дауыстары мен ым-ишараттары да бірдей. Апалы-сіңлілі Юндерде де тап осындай жағдай.
«Егіздер бір-бірімен кездесе бастағанда бір-бірін ауыстырып алу қаупі төнді. Осындай жағдайлардан кейін олар мәселелерін пластикалық хирургия арқылы шешуге бел буды», – деп жазды газет.
Ерлі-зайыптылардың жанұялары Қытайдың солтүстіктегі Шаньси провинциясында орналасқан көрші ауылдарда өмірге келген.
Басылым ақпаратынша, дәрігерлер отаны тегін жасауға келісті.
Источник: Stan.kz