АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қарақол өзені тасып, көпірдің шетін құлатқан

01a0a2bb516c24d250488a8cea41fc71_LШҚО-дағы Шолпан ауылында Қарақол өзені тасып, көпірдің шетін құлатқан. Бүгін таңғы сағат 06:00 шамасында Үржар ауданы Шолпан ауылындағы көпірдің бір жақ шетін қатты тасыған өзен суы құлатып кеткен. Бұл туралы аудан əкімі Серік Зайнулдин телефон арқылы біздің арнаның меншікті тілшісі Болат Көкенайұлына хабарлады. Төтенше жағдайға байланысты шұғыл жасақталған арнайы топ бірнеше сағаттың ішінде маңызды нысанды қалпына келтірген. Бұл жұмыстарға 15-ке жуық техника мен 30-дан астам адам жұмылдырылды. Аудан басшылары ауылды орталық тасжолмен жалғайтын көпір қалыпты жұмыс істеп тұрғанын және жағдай бақылауда екендігін айтқан. Авторы: Болат Көкенайұлы

Источник: http://24.kz/kz/