АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ БАЯН-ӨЛГИЙДЕГІ СЕЛДЕН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН БОЛДЫ[:]

[:kz]

imagesҚазақстан республикасы Моңғолия Баян-Өлгий аймағындағы селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсететін болды. Бұл туралы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің твиттердегі парақшасында жазды – деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Ол өзінің жеке парақшасында «Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен #БаянӨлгий-дегі (#Моңғолия) селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетіледі» — жазды.

Естеріңізде болса 10-11 шілде күндері қатты жауған бұршақ нөсерінің салдарынан Монголияның Баян-Өлгий қаласының орталығына сел түсіп, 700 адам, 130 отбасы баспанасынан айрылыған болатын.

Ал 14 шілде күні Ұланбатыр қаласында өтетін «Азия — Еуропа форумының XI – саммитіне» қатысуға баратын Кәрім Мәсімов арнайы Баян-Өлгий халқымен кездесетіндігі белгілі болған болатын.

 http://almaty-akshamy.kz/
0

[:]