АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сөйлеспеген сайын сөйлемейді[:]

[:kz]

images… Байқауымша, соңғы кезде балалардың көпшілігінің тілі кеш шығатын болып жүр. Мұны себебі неде?

Ақнұр НҰРҚАСЫМ,
Алматы.
Бала тілінің кеш шығуы­ның себептері көп. Ең негізгілерінің бірі:
 
а) есту қабілетінің бұзылуы. Егер балаңыздың жақсы есті­мейтінін, аз немесе түсініксіз сөйлейтінін байқасаңыз, тез арада дәрігерге көрсетіңіз.
б) мидағы дисфункциялар. Бұл орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Ондай балалар көп қозғал­май­тын, самарқау болып ке­леді.
Сөйлеу сапасы – адамның интеллектуалды және эмо­цио­налды дамуының көрсет­кіші. Сондықтан ата-ана баланың сөйлеу мүмкіндік­терін қадаға­лап отыруы тиіс, сәби сөзді түсініп қана қой­май, өзі сөй­леу­ге талпынатындай, сөз­дерді қолда­натындай жағ­дайға жетуі қажет. 
Өкінішке қарай, қазіргі қарбалас уақытта адам­дар­дың бәрі жұмыспен, тіршілік қамымен жүріп, бала тілінің дұрыс шығуына көңіл бөле бермейді. Баланы логопедке тек мектеп жасына таянған шағында, яғни кеш алып ке­леді. Өздері де үйде баламен мүлде жұмыс істемейді, сөйлетуге тырыспайды. Ал бала өзіне назар аударылмаған сайын тұйық­талып, тілінің шығуы тежеле береді.
http://www.zhasalash.kz/
 
 

[:]