[:kz]
Биыл «Караван» басылымына 25 жыл толды
Мәселен, 1992 жылы 3-сәуір күні шыққан мына бір мақала елең еткізерлік екен. Онда атышулы Жириновский жайы бір үзік сыр бар.
Жуырда Қазақстан астанасы Алматыға тегі орыс ақсүйектері тұқымына жататын князь Нарышкин келді. Бұған қоса ол біздің жерлесіміз. Қазіргі князь бұрын 20 жыл бойы қарапайым жұмысшы болған. Қазір Владимир Ильич Ресей монархиялық одағының штаб-ротмистрі болып қызмет етеді.
Жастық шағы Қазақстанда өткен князь үшін Алматы ең сүйікті қаласы. Нарышкин мұнда шын ықыласымен келіп тұрады.
— Мен Казачья көшесінде Жириновскимен көрші тұрдым. Есімде қалғаны, бала кезде оны өзге балалар үнемі тепкілейтін. Суайттығы үшін.
Дереккөз::http://kaz.caravan.kz
[:]