АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұрболат Қуанышев. Тәуелсіздік қазаққа не берді. Бүгінгі күннің хроникасы[:]

[:kz]

images-5Мәңгілік Ел – бұл инновация негізінде тұрақты экономикалық өсу.
(ҚХА XXIVсессиясында қабылданған патриоттық актіден үзінде).

         Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері еліміздің күнделікті өміріндегі цифрлармен, сондай-ақ нақты оқиғалармен суреттеледі. Әлемдік банктің классификациясы бойынша біз табыс деңгейі орташа елдердің тобына кіреміз.

1993 жылдан бастап 2013 жылға дейін республиканың ЖІӨ  20 есеге (11 404,3 млрд доллардан 231 875,1 млрд) өсті. Өндірістік өнімнің көлемі 1991 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 17 833,9 млрд теңгеге жетті, өсім 129,1 пайызды құрады.

Қазақстан реформа жылдарында өзінің сыртқы сауда әлеуетін біршама көтерді және бүгінде мұнайды, қара және түсті металды, астық пен өндіріс орындарында өңделетін дайын өнімдердің жекелеген түрлері экспортқа шығарылады. Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің табысы 1993 жылғы 7,1 млрд теңгеден, 2013 жылы 6,4 трлн теңгеге дейін өсті.

Қазақстанның тәуелсіздігімен тығыз байланысып жатқан бүгінгі күннің оқиғаларына келсек, олардың қатарында Алматы қаласының мыңжылдығын тойлау күнімен тұспа тұс келген Мемлекет басшысының Алматы және Алматы облысына барған жұмыс сапарын ерекше атауға болады. Президент бұл күні Алматының мыңжылдық құрметіне жаңа ашылған мұз стадионы – «Алматы — Арена» сарайында өткен гала – концертке қатысты.

Соңғы жылдары Алматыда салынған спорттық-қонақ үйлер кешенімен қатар бой түзеген бұл бірегей ғимарат Алматы қаласында өтетін Универсиада – 2017 кезінде шет алдардан келетін қонақтарды қабылдауға қазірдің өзінде дайын.

Бұл күні мерекелік концертке жиналған жеті мыңдық аудитория адында сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазіргі Алматы – Қазақстанның батыл әрі қарқынды дамуының көрінісі. Соңғы 5 жылдың өзінде қала аумағы 2 есе өсті. Тұрғындардың жалпы саны – бір миллион жеті жүз адам. Алматы метрополитені қазірдің өзінде 30 миллионнан астам жолаушы тасымалдады. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталады. Ол «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық магистралінің бір бөлігі болмақ. «Инновациялық технологиялар саябағы» арнайы экономикалық аймағы құрылып, дамып жатыр» деп біздің еліміздің өміріндегі транспорт, қаржы және туристік орталық ретінде Алматының маңыздылығына және рөліне баса назар аударды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін қысқы Универсиада ойындарына 57 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысатынын, құрылыс жұмыстарына 107 миллиард теңге инвестиция тартылғанын айтты.  Сөз соңында Нұрсұлтан Әбішұлы алматылықтарды сүйікті қалаларының мерейтойымен құттықтады.

Еліміздегі теңдесі жоқ «Алматы — Арена» қысқы мұз сарайын салып, мерекелік көңіл-күйді сыйлаған құрылысшылармен қатар Алматы облысының қызылша өсірушілері биылғы жылы бүкіл рекордтық көрсеткіштерден асып түсті. Бұл өңірдің фермерлері биылғы жылы 240 мың тонна қант қызылшасын өндіретін болды. Бұл өткен жылғы өнім көлемінен екі есеге көп.

Алматы облысының қызылша өсірушілері бұнымен шектеліп қалмайтынын айтып отыр. Қазақстан болашақта қант импортынан толықтай бас тартып, тек отандық өнімді ғана тұтынатын болады. Егер мемлекет тарапынан фермарлаер мен шаруа қожалықтарына қолдау көрсетілетін болса халықты отандық өніммен толықтай қамтамасыз етуге болады, деп сендірді фермерлер.

[:]