АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Знахарь» атты қоңыздың обырды жойып жіберетіні рас па?[:]

[:kz]

 
ss9Өткен аптада редакциямызға Ақсәуле Ибрагимова  есімді оқырман (белгілі себептерге байланысты аты-жөні өзгертілді) хабарласты. 

Оның 42 жастағы сіңлісі қатерлі ісік дертіне шалдығыпты. Қазір онкологиялық диспансерде ем алып жатыр екен. Жақында сіңлісінің жағда­йын білуге барған Ақсәуле бір жағымсыз жайға куә болыпты.

«Сіңлімдегі қатерлі ісік екінші дәрежелі деп танылды, – дейді ол. – Жақында оған операция жасалды. Сөйтіп бір омырауындағы түйінді алдыртты. Енді сәулелі терапия қабылдап жатыр. Мұндай сәуле өте зиян, қатерлі ісіктің өрмекші ұясындай жан-жаққа тараған тамырларын күйдіргенде сау клеткалар да өліп, адам қатты әлсіреп қалады.

Онда жатқандардың барлығы да өмір сүруден үмітті. Сондықтан ем болады деген нәрсенің бәрін сатып алады. Өзіміз де апта сайын 10 мың теңгеге жылан мен кірпі сорпасын апарып беріп тұрамыз.

Сіңлім жатқан диспансерде «Знахарь» деген қоңыз сатылып жатыр. Кейбіреу оны «Труд» дейді. Кішкентай бұл жыбырлақтарды шағын қорапшаға салып қояды екен. Өздері піте сияқты өте майда, үлкендігі шымалмен шамалас, тез көбейеді деседі. Оны стакандағы суға салып, тірі күйінде сумен қоса жұтып жіберу қажет деп, бірінші күні біреуден бастап, біртіндеп көбейте отырып, 70 данаға жеткізу керек деп айтады. 3-ші, 4-ші дәрежедегі рак деп танылғандарға күніне бірнеше рет ішсе де болады деседі. Осыны ішкеннен кейін рак клеткалары жойылып, жазылып кетіпті деген әңгімелер айтылуда, бірақ жазылған адамды көрген жан жоқ. Бәрі де сыбыр-сыбыр әңгіме, қауесет.

Қоңыздарды бас дәрігердің баласы Қытайдан әкеледі деген сыбыс бар. Ал орынбасары оны шағын қорапшамен 8 мың теңгеден сатады.

Диспансерде жатқандар әр 20 күнде анализ тапсырады. Сол кезде әлгі орынбасар: «Әне, пәленше бір қорабын алып еді, екі аптада беті бері қарап қалыпты. Анализін қарашы, қандай керемет! Жақында құлан-таза жазылып кетеді», – деп қояды екен. Бас дәрігердің орынбасары айтып отырған соң аурумен арпалысқан адамдар қоңызды алу үшін ақша іздеп сандалып кетеді дейді. Жиіркенсе де тезірек жазылып, бала-шағасын бауырына басу үшін қоңызды көптеу «жеуге» тырысады.

Сіңлім шынымен сауығып кететін болса, біз де бұл қоңыздың бір емес, он қорабын алуға әзірміз. Бірақ көңілде күмән көп. Бұл паразиттер адам ағзасына түскен соң тіршілігін жалғастырып қана қоймай, көбейіп кетсе қауіпті ғой. Оның үстіне мен осы қоңыздың арқасында жазылдым  деген нақты бір адамды көрмедік. Сондықтан әлгі «штаттағы» сатушы өмір сүруден үмітті жандарды ойдан шығарылған «аңызбен» алдап, бастығының саудасын жүргізіп отыр ма деп қорқамын».

Ақсәуле осылай дейді. Бұған біз қатты таңқалдық. Сонда кішкентай ғана қоңыздың науқасты аты жаман аурудан айықтырып жіберетіні рас па? Расында оның қаншалықты шипасы бар? Біз осы сұрақтар төңірегінде ізденіп көріп едік, біраз қызықты жайлар жөнінде білдік. Сосын бұл жөнінде мақала жаздық.  Бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар

http://www.zamana.kz/

 

[:en]

[:]