[:kz]
Сәтпаев қаласының жеті тұрғыны мемлекет шекарасын заңсыз кесіп өтіп, террористік топқа қосылмақ болғаны үшін түрмеге қамалды.
Осы топ қатарында болған ер азамат алты жылға сотталып, әйелі шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Отбасы кішкентай балаларымен Бішкекке жеткен кезде қолға түскен. Олар Түркия асып, Сирияға жетпек болған. Онда ер азамат ДАИШ террористік ұйымына қосылып, соғысқа қатысуды жоспарлаған.
Сәтпаев қаласының тағы бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны, экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқаны, террористік ұйым қатарына азаматтарды бопсалағаны үшін алты жарым жылға сотталды.
Аталмыш азамат «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни-экстремистік мазмұндағы терроризмге шақыратын әртүрлі бейнероликтерді жариялап келген. Сирияға баруды жоспарлаған ол Алматыда жүрген жерінде құқыққорғаушылардың назарына іліккен.
Келесі азамат терроризмді насихаттағаны, әлеуметтік желілерде жиһадқа үндегені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.
http://www.muslim.kz/
[:]