[:kz]
Қазақстанда қарашаның 20-ы мен 22-і күндері қатты суық сақталып, кей жерлерде 40 градусқа дейін төмендейді деп хабалайды, Today.kz «Қазгидромет» РМК-сілтеме жасап.
Елдегі қазіргі қысқы ауа райы Сібірдің солтүстік аймақтарында қалыптасқан суық антициклонмен байланысты болып отыр.
Жаңа арктикалық ауаның келуімен республикадада аяз күшейіп, суық сақталады. Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарында температура 30-35 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерінде 40 градус, батыста 20-28 градусқа дейін төмен болады. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысында күн қатты суытып, қарлы боран, аяз күтілуде. Шығыстан суық жел есіп, кей жерлерде қар араласқан боран болады.
Қазақстанның барлық аймақтарында ауаның температурасы 13-20 градусқа дейін төмендеп, суық сақталады.
Қыс мезгіліне ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК ерте басталған, қарлы қысты болжап отыр. Синоптиктердің ақпараты бойынша, ауа райы құбылмалы болады. Жиі қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ орын алады.
today.kz
[:]