[:kz]
Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанға ресми сапармен келген Чеxияның сыртқы және еуропалық істер министрі Любомир Заоралекпен кездесті.
Тараптар Прага қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арнап ескерткіш тұрғызуға уағдаласты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі кездесуде екіжақты сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және xалықаралық мәселелер талқыланды. Қазақстан мен Чеxия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгіледік. Біз Чеxияның машина жасау, ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласындағы үлкен әлеуетін білеміз. Дәл, осы бағыттарға басымдық беріледі. Қазіргі кезде Чеxия жерінде көптеген қазақтандық студенттер білім алып жүр. Ал мәдениет саласына келер болсақ, жақын арада Прага қаласында біздің ұлы ақынымыз Абайға ескерткіш орнатылады деп сенеміз», — деді кездесуден кейінгі брифингте Е.Ыдырысов.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, екі министр Чеxияның астанасы — Прага қаласында Абай ескерткішін орнатуға келісті. Алдағы уақытта ескерткіштің жері анықталады. Оны қаланың қақ ортасында ашу жоспарланған. Чеxия сыртқы істер министрі Любомир Заоралек өз кезегінде қазақ тілінде амандасып, Астанадағы қонақжайлылық үшін өз алғысын да қазақ тілінде жеткізді. Сапар барысында оның Президент Н.Назарбаевпен кездесетіні жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қазақстан-Чеxия бизнес форумына қатысады. Айта кетейік, Л.Заоралекпен бірге келген делегацияның құрамында 30-дан астам бизнесмен, осы елдің аймақтық даму министрі, сондай-ақ Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Чеxия павильонының ұлттық комиссары бар. Е.Ыдырысовпен өткен бүгінгі кездесу аясында ҚР Президенті жанындағы басқару академиясы мен Чеxияның сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
turkystan.kz
[:]