АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сұлтанов, Мұхамедиұлы, Тілеухан! Кетіңіздер![:]

[:ru]

[:kz]

abasFacebook-тегі белсенді қазақ журналистерінің бірі, танымал продюсер Серік Абас-шахтың жазбасы жұртты елең еткізді.
Елдегі саяси трендтерді анық байқап отыратын Абас-шах бұл жолы да жұрт көкейіне қонатын ұтымды ұсыныс жасапты:

Абас-шах былай дейді:

АТҚАМІНЕР БАУЫРЛАРҒА ҰСЫНЫС:

» — ҚУАНЫШ АҒА, сізге төтесінен айта салайын: жастарға тезірек орын беріп, немере-шөбереңіздің ортасына барыңыз. Кемел жасқа келіп, кемеңгер қария атанудың орнына, келеке-мазақ кейіпкеріне айналдыңыз. Қауашағы бар адамға, «әдемі қартаю» да даналықтың белгісі…
— АРЫСТАНБЕК, ата-анаңыз ырымдап, «аң патшасының» атын бекер қоймаған болар? Саяси саxнада қашанғы «цирк кейіпкері» болып жүре бермексіз? «Жақсы ит те өлігін көрсетпейді». Зоопаркте қамалып отырған аң емессіз ғой, өз еркіңізбен кетіңіз.

БЕКБОЛАТ, кей жазбаларымда, қатты кетіп қалатынымды сеземін. Артық айтсам, ғафу өтінемін. Бірақ, ел сыйлаған Бекболаттың абыройын біз емес, «төрт аяқты» Бекболат түсіріп жатқан жоқ па? Намыс — сіз шығарған журналдың аты ғана емес. Ол әр жігіттің азаматтық қасиеті. Сол қасиетті өз аяғыңызбен таптай бермей, мандатты тапсырып, өнер ордасына қайта оралсаңшы. Әлі де кеш емес…

Айтпақшы: Жоғалған абыройды «госзаказбен» қайтара алмайсыздар. Оған АП-ның звоногы да көмектеспейді».

Айтпақшы, жоғарыда аты аталған азаматтар шынында да соңғы кездері әлеуметтік желілерде аяусыз талқылануда. Лайктан лайк қоймай, вирус сияқты бүкіл facebook-ті жаулап бара жатқан бұл жазбадағы ұсыныс оларға жетіп жатса, Сұлтанов, Мұхамедиұлы, Тілеухандардың жауап ретінде қандай қадамға баратыны белгісіз. Әйтсе де, бәз-біреулер депутат-министрлердің халықтан келіп түскен бұл ақылды тыңдай қоярына сенбейді.

ateluv

[:en]

[:]