АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] ХХІ ғасырдың балалары [:]

[:kz]

 imgpreviewХХІ ғасыр бала психологиясының ғасыры болады деп, ертеректе ғалымдар тұжырым жасаған болатын. Сол айтылған сөз бүгінгі ғасырдың дәлелі болып отыр. Бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелердің бірі балаға рухани тәрбие беру. Техниканың үздіксіз дамуы, балаларды мәңгүрт рухани әлемге түсірді, тыңдаған әуені, айтқан сөзі, бәріде рухани тоқыраудың белгісі. Рухани тоқырау бола бастаған күннен бастап, баланың ойлау жүйесі, айналаға деген көқарасы да өзгере бастайды.

 

 Болашақ аналарға, және әр үйдің от анасы болып отырған, аналарға бала тәрбиесіне  байланысты кеңестер:

  • Сіздің ішіңізде бала біткен күннен бастап,сіздің балаға деген көзқарасыңыз қандай болды?
  • Баланы ішке біткен күннен бастап тәрбиелесеңіз,сіздің жақсы ана болғаныңыз.
  • Сіздің сөйлеген сөзіңіз, тыңдаған әуеніңіз балаға әсер етіп қоймайды. Сіз күні –түні ұялы телефонмен,теледидарға телмірумен күніңіз өтсе балаңыздан нені күтуге болады?
  • Кейін балаңыз өсе келе, балабақшада болсын, мектепте болсын жоқ менің балам тәртіпті, олай болуы мүмкін емес деуден бұрын сіз балаңызға қандай тәрбие бердіңіз?
  • Балаңыздың бұзық болуы, мәдениетсіз болуы сіздерге байланысты ата-аналар өзгеге кінә тағудың қажеті жоқ.
  • Балаңызға қымбат ұялы телефондарды сыйға тартудың қажеті жоқ. Келіспейтінде боларсыздар мысалы 1-7 сынып оқушыларына немесе одан да, кішкентай сәбилерге дейін сыйлап жатады. Қазіргі күні бұл үрдіс, өз жалғастығын табуда. Түптеп айтқанда сәнге айналды.
  • Ата-ана ойланыңыз?
  • Сіз балаңызды қымбат дүниелермен бақытты етем деп ойлайсыз ба? Олай емес жанның жылулығы жоқ болса, балаңыздың жан дүниесі ауыр күйге түседі.
  • Менің тәжірбиеме сүйенетін болсақ, мазасыз, тынымсыз,балам деп айтып жатады. Мені тыңдамайды, сіз көмектесіңізші маған дейді, кейбір аналар. Сонда әлгі мазасыз баланы құшағыңа қысып жақсы сөзбен ақ көңілін табуға болады. Бұл шындық тек мейірімді жүрек керек.
  • Ақша бала үшін көңілдің кілті болуы мүмкін, алайда жабырқаған бала жүрегін жұбата алмайды.
  • Баланың жабырқаған көңіл-күйін жан жылуыңызбен сезіндіріңіз.
  • Бір бала үшін қымбат ойыншық арман болса, бір бала үшін мейірімнің жоқтығы қарнын аштырады. Алайда қолы қалаған дүниесіне қол жетіп тұр. Біз қайда барамыз аналар?
  • Сіз қайда қарап, сіз не істесеңіз, не тыңдасаңызда балаңызда соған қарай тәрбиеленеді.
  • Жаны мазасыз, баланың тәрбиесіз болуы сізге байланысты анасы. Ортасы,достары т.б адамдар болса да, сізге қарап тәрбие алады өйткені сіз оның анасысыз
  • Қазіргі шет ел мемлекеті, Германияның өзінде бала тәрбиесіне техниканың әсер еткені соншалық балаларына ұялы телефон т.б заттарды алып бере бермейді.Өйткені олардың түсінігінде рухани тәрбиенің мағызды екенін мойындап отыр.

 

 Біле жүріңіз: Балаңызды еркелете отырып,тәрбиелеңіз. Жақсы сөз сөйлеңіз,жақсы әуен тыңдата біліңіз,бірге отырып жақсы өсиет тәрбиелі әңгімелерді тыңдата біліңіздер. Сіздің жақсы тәрбиеңіз,балаға әсер етіп әсерлендіре түседі. Сізді сүйетін болады,жан жүрегіңіз балаңыз өмір бақи сіздің жақсы ана болғаныңзды айтып жүреді.

anabol.kz

 

[:]