АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ШҚО Ресей азаматының қоластында ма?[:]

[:kz]

images (4)Редакциямызға өте қызықты мағлұмат келіп түсті

Сол мәліметке сенсек, 1998 жылдың 12 тамызында Головатюк Владимир Михайлович есімді азамат Ресей Федерациясының «Азаматтық туралы» заңының 3 бабының негізінде Астанадағы Ресей елшілігінің консулдығында Ресей азаматтығын алады.  Тиісінше паспорт рәсімдемеген, тек өзге елдің азаматтығын алған, сөйте тұра Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған,

Біздің елде мұндай жайттар бар екені жасырын емес. Көбіне Ресеймен шекаралас аймақтардың қарапайым тұрғындары екіжақты азаматтық алады да оны жасырып жүреді.

Бірақ Головатюк Владимир Михайлович қатардағы қарапайым адам емес. Ол – Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы! Яғни, шекаралық аймақтың өкілдік билігінің жетекшісі! Облыстың басты тұлғаларының бірі! Мәселен, Қытайдағы Іле-Қазақ автономиясының басшысы немесе Ресейдегі Орынбор облыстық думасы жетекшісінің Қазақстан азаматтығы болуы мүмкін бе? Жоқ! Ал біздің елде бәрі мүмкін! 

Біздің қолымызда Ресей Федерациясы Федералдық миграциялық қызетінің элекронды базасынан көшірілген тәрізді құжат та бар. Онда  В. М. Головатюктың 1998 жылдан бастап көрші елге жылына бірнеше рет баратыны көрсетілген. Дәл осы қағазда 1998 жылдың 12 тамызында В.М.Головатюкке Ресей азаматтығын беру туралы шешім қабылданғаны жазылған.  

ШҚО облыстық мәслихаты хатшысының Ресей азаматы ретіндегі жеке іс-құжатының нөмірі де анықталған – 170309960.

Қазақстан мен Ресей – көршілер, достас мемлекеттер, бірақ білдей бір өңірдің жауапты қызметінің тізгінін өзге ел азаматының ұстап отырғаны мемлекеттік қауіпсіздік қағидаларына қайшы. Мәселен, ел Президенті Өскеменге жұмыс сапарымен барды делік, оның жол жүру бағыттарынан  көрші елдің түрлі қызметтері мәлімет алып отымайтынына  кім  кепілдік бере алады?   

 

Облыс орталығының әскери бөлімшелерінен бастап стратегиялық коммуникациялар жүйелеріне дейін түрлі мекемелердің ішкі ақпараттары мемлекеттік құпияға жатады. Өзге ел азаматының оларды оңай біліп отыруға мүмкіндігі бар. Бұл ұлттық қауіпіздікке төнген қауіп болмағанда не?

 Әрине, Головатюктің Ресей азаматтығы жөнінде сол елдің тиісті мекемелеріне сұрау салып көруге болады. Бірақ, олардың растай қоюы күмәнді. Бүкіл әлемде арнайы қызметтер өз адамдарын сатпайды. Бірақ біздің арнайы қызметтер де осал емес, қажет болғанда не нәрсені де  анықтауға қабілетті.

Алтынорда

[:]