АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытайда бір жылда Қазақстанның халық санына тең келетін адам дүниеге келген [:]

[:kz]

7812016 жылы Қытайда 17,86 миллион сәби дүниеге келген деп хабарлайды bbc.com. Бұл туралы Мемлекеттік комитеттің денсаулық пен балалар туу жоспары істері бойынша төрағасы Ян Вэньчжуан хабарлады. Бұл 2000 жылдан кейінгі ең жоғарғы нәтиже. Балалы болу жасындағы әйелдердің саны 5 миллонға төмендесе де осындай нәтижеге жетіп отыр. 2011-2015 жылдары орташа туу деңгейі 1,4 миллион адамға аз болды. Қытай билігі «бір отбасы – бір бала» саясатын жою арқылы «уақытылы және өте ұтымды» саясат екенін ерекше атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қытайда отбасыларға екі баладан тәрбиелеуге рұқсат берді. Қытай өзінің демографиялық саясатына өзгертулерді 2015 жылдың қазан айында енгізді. «Бір отбасы – бір бала» саясаты 1979 жылы халықтың өсімін шектеу үшін енгізілген. Екі бала туғандарға айыппұлдар мен басқа да жазалаулар қарастырылған еді. Нәтижесінде жұмыс істейтін қытайлықтардың саны қысқара бастады. Қазір билік жоғары жылдамдықпен қартайып келе жатқан халықты асырай алмаймыз ба деп қорқады. «Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/14876

[:]