[:kz]
Синоптиктер Қазақстанда 16-18 мамырда ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. «Қазақстанға Батыс Сібірден салқын атмосфералық фронттардың ығысуына байланысты еліміздің басым бөлігінде тек жауын-шашын емес, сондай-ақ, ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта кей жерлерде ауа температурасы 0-3 градус аязға дейін төмендеп, жаңбыр қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін», — деді мамандар. Синоптиктердің мәліметінше, арктикалық салқын фронттардың әсерінен 17-18 мамырда еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Tengrinews.kz
[:]