АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бойыңызда ақшасы бар адамдарға деген іштарлығыңыз жатыр[:]

[:kz]

photo_102042Біреу жарнамалық пост жазса, «жарнама» деп менсінбей, мұрын шүйіре қарайтындар көп. Жарнама жариялаушы адам ол үшін ақша алатыны түсінікті. Және осы бойда ол ақша алғанына неге өкінуі керек, ал басқалар оны неге кінәлауы керек? Ол жалпы қандай заңға қарсы келіп отыр? Елге зияны тиетін (мыс. денсаулығына қауіп төндіретін) жарнама жасаса бірсәрі, ал кейде блогерлер тіпті өз тәжірибесін бөлісіп, сол үшін ақша алуы да мүмкін. Тәжірибесін қабылдау, я қабылдамау әркімнің өз еркінде.

Меніңше, бұл адам бойындағы ақшаға деген жағымсыз көзқарастың белгісі. Егер сіз біреудің жарнамалық пост жазғанын байқап, оған менсібеушілігіңізді айқын білдірсеңіз, демек бойыңызда ақшасы бар адамдарға деген іштарлығыңыз жатыр. Және оны емдеу керек. Өз бойыңызда біреудің ақшалы болып, бай-қуатты бола бастағанына шын қуана білу әдетін қалыптастырғанда сіздің өміріңіз де берекелі бола түседі.

 

Anarka Must

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

[:]